Торғай өңірінде туған, бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек (ЭддЖан) туған анасын іздеу барысында маңызды мәліметтердің пайда болғанын мәлімдеді. Бұл туралы «24KZ» телеарнасы хабарлайды.
2002 жылы 17 қаңтарда Арқалық қаласында дүниеге келген Жәнібекті 2004 жылы жергілікті балалар үйінен бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алып, шетелге алып кеткен болатын. Біраз уақыт бұрын ержеткен жігіт өзінің тегін және туған анасын табу мақсатында Қазақстанға арнайы келіп, ауқымды іздеу жұмыстарын бастаған еді. Жас жігіт әлеуметтік желідегі парақшасында бұл процестің әлі де тоқтамағанын және соңғы уақытта үміт отын жаққан жаңа іздерге тап болғанын жазды.
Бұл - сіздермен бөліскім келген жеке жаңалығым. Қымбат Досжан, Мейірман Шекеев және тағы да басқа көптеген жанашыр жандармен бірге анамды іздеуді әлі де жалғастырып келеміз. Бұл процесс ұзаққа созылды, алда тағы қанша уақыт кететіні де белгісіз. Бірақ соңғы уақытта біз үміт сыйлайтын көптеген іздерге тап болдық, - деп бөлісті ол.
Жәнібектің бұл жүрекжарды жазбасы желі қолданушыларының көңілін толқытты. Көпшілік жас жігіттің табандылығына тәнті болып, оның туған анасымен тезірек қауышуын тілеп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Тегтер #Торғай #Жәнібек #анасын іздеді #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz