Атырау облысында жайылым мен шабындық жерлерде шегірткенің ұяларын жою жұмыстары басталды.
Қызылқоға мен Құрманғазы аудандарында 2 мердігер мекеме зиянкеске қарсы химиялық өңдеу жүргізіп жатыр. Жоспарланған 79 мың гектардың 12 мыңы дәріленді. Жалпы 3 жыл бұрын өңірде 151 мың гектар алқапқа шегіртке тарайтын. Қазір бұл көрсеткіш 50 процентке азайды, дейді жауаптылар. Қажетті пестицид пен техника шығындарына жылда республика бюджетінен қаржы бөлінеді. Биыл оған қосымша облыс қазынасынан 250 млн теңге қаралып отыр.
Асылхан Әбдиев, облыстық аумақтық инспекцияның басшысы:
- Облыс бойынша жалпы, итальяндық прус бар. Ол 60 мың гектардай және 18 мың гектар жерде азиялық шегіртке. Азиялық шегірткелер көбі өздеріңіз білетіндей, Каспий теңізінің жағасында болады. Ол Құрманғазы ауданында. Ал далалық, шөлейт жерлерде итальяндық прус. Енді былтырмен салыстырғанда әрине, төмендеуі бар. Қазір Атырау облысында 3 дельталет жұмыс істеп жатыр. Және 2 аэрозольді генератор.
Тегтер #Атырау облысы #шегіртке #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz