Түркістан облысында дала өртінің алдын алу жұмыстары күшейді.
Бүгінде 9600 шақырым жер жыртылып, қорғаныс жолағы салынды. Көктен тікұшақ барлау жасаса, жерде мыңдаған ерікті көмегін беріп жатыр. Одан бөлек 12 орман шаруашылығы тілсіз жаумен күреске дайын отыр. Бәйдібек ауданында өткен «Өрт-2026» оқу-жаттығуы кезінде құтқарушылардың да іс-әрекеті пысықталды. Үш жүзден астам маман, 70 техника жұмылдырды. Су алатын арнайы 10 орын бекітілді. Өрт қаупі жоғары маусым басталғалы қауіпсіздік ережесін бұзғандар да аз емес. 95 әкімшілік іс қозғалып, 6 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Одан бөлек бірнеше ауданда өртке қарсы маусымдық бекет ашу жұмыстары мардымсыз- дейді жауаптылар.
Санжар Бүрлібаев, облыстық азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:
- 37 бекет құру қажет болса, бүгінгі күнге 33 маусымдық бекет құрылған. Жаңа атап өткендей, Ордабасы, Түлкібас, Келес, Сарыағаш аудандарында бір-бірден бекет құрылмаған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығына сәйкес, маусымдық өрт сөндіру бекеттері ауыл құтқарушылары бағдарламасы шеңберінде жыл бойы жұмыс істейтін өрт сөндіру бекеттеріне ауыстырылды. Бағдарламаға сәйкес жалпы 49 өрт сөндіру бекетін құру және қайта жаңғырту жоспарланған.
Тегтер #Түркістан облысы #өрт қауіпсіздігі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz