RU
Толық нұсқаға өту

«Қарасора» жедел алдын алу шарасы басталды 

03.06.2026, 20:25 31

Жетісу облысында жыл басынан бері 100 келіден астам есірткі тәркіленді.

Бұл былтырғы бес айымен салыстырғанда шамамен екі есе көп. Осыған байланысты полицейлер арнайы рейд жұргізді. Жедел алдын алу шарасы аясында марихуана, гашиш, психотроптық заттар сататын және әзірлейтін орындар жойылады. Сонымен қатар зиянды өскін егілген аумақтарды анықтау үшін әуеден барлау жұмыстары жүргізіледі. 

Ерасыл Ұзақов, ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:

- Жедел профилактикалық іс шараларының мақсаты құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егістіктен жою, ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу. Қарасора жедел профилактикалық іс-шарасына облыс бойынша 49 автокөлік құралы және 127 қызметкер жұмылдырылып, қазіргі таңда жұмыс атқарылып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz