RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық ұлан сарбаздары ЛРТ-да ән шырқады

04.06.2026, 12:31 38

Астанада Ұлттық ұлан сарбаздары ЛРТ жолаушыларына тосынсый жасады. Олар станса мен вагон ішінде патриоттық және халық әндерін шырқады. 

Өнерпаз жауынгерлер бұл іс-шараны Мемлекеттік рәміздер күніне арнап отыр. Жолаушылар да қосыла ән салып, ерекше көңіл күйге бөленді. «Мұндай акциялар арқылы жас буынның мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру және елжандылыққа баулуды мақсат еттік», - дейді ұйымдастырушылар.

Гүлмира Аймағамбет, қала тұрғыны:

- Бүгін жұмыстан шаршап қайтып келе жатқан кезде керемет кештің куәсі болдық. Бүгін Ұлттық ұлан сарбаздары халықтың көңілін көтеріп, патриоттық әндер орындап, елдің рухын көтерді деп ойлаймын. 

Әділ Шагиров, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан ерлер хорының хормейстері:

- Флешмобымыз ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналады. Барша қазақстандықты келіп жеткен мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz