2026 жылдың шілдесінде қазақстандықтарға Астана күніне орай қосымша демалыс күні беріледі, деп хабарлайды «24KZ».
Жыл сайын 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. Мереке ел астанасының Алматыдан Астанаға көшірілуіне арналған және ресми мемлекеттік мерекелер қатарына жатады.
2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр.
Бес күндік жұмыс аптасында:
4 шілде (сенбі) - демалыс;
5 шілде (жексенбі) - демалыс;
6 шілде (дүйсенбі) - Астана күніне орай мерекелік демалыс.
Осылайша, ел тұрғындары 4-і мен 6-шы шілдені қоса алғанда, қатарынан үш күн демала алады.
Алты күндік жұмыс аптасында кесте келесідей болады:
4 шілде (сенбі) - жұмыс күні;
5 шілде (жексенбі) - демалыс;
6 шілде (дүйсенбі) - мерекелік демалыс.
Шілде айында Астана күнінен бөлек бірқатар кәсіби және мерекелік даталар атап өтіледі:
2 шілде - Дипломатиялық қызмет күні;
шілденің бірінші жексенбісі - Ұлттық домбыра күні;
шілденің бірінші жексенбісі - Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;
7 шілде - Қазақстан қолөнершілерінің күні;
9 шілде - Су шаруашылығы қызметкерлері күні;
9 шілде - Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні;
10 шілде - Ветеринариялық қызметкер күні;
13 шілде - Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік органдары күні;
шілденің екінші жексенбісі - Балық шаруашылығы қызметкерлері күні;
14 шілде - Нотариат күні;
шілденің үшінші жексенбісі - Металлургтер күні;
шілденің төртінші жексенбісі - Сауда қызметкерлері күні.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қазақстан #Астана күні #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz