RU
Толық нұсқаға өту
Фото: e-history.kz

Қазақстан туында Дәуіт жұлдызы болуы мүмкін еді: мемлекеттік рәміздер қалай таңдалды?

04.06.2026, 14:20 58

Қазақстанның қазіргі мемлекеттік туы бекітілмей тұрып, түрлі ерекше әрі тіпті күтпеген нұсқалар талқыланған. Солардың ішінде Дәуіт жұлдызына ұқсас сегіз қырлы белгі де болған, деп хабарлайды «24KZ».

Бүгінде ол көбіне еврей халқының символы ретінде танымал. 

 Ту жобасына 400-ден астам эскиз түскен

 Жаңа мемлекеттік туды таңдау барысында арнайы жұмыс тобы 14 рет жиналған. Талқылауға 453 ту эскизі, 245 елтаңба нұсқасы, 51 әнұран жобасы және ондаған хат жолданған. Негізгі идея - Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі орны мен жалпыадамзаттық құндылықтарды көрсету болды.

 Ерекше ұсыныстар қандай еді?

 Көптүсті жолақты ту. Жасыл, сары және көк түстерден тұратын нұсқа ұсынылған. Бірақ ол ұлттық ерекшелікті айқын көрсетпейді деп бағаланды. Егер қабылданса, қазіргі кейбір елдердің туына ұқсап кетуі мүмкін еді.

 Сегіз қырлы жұлдыз бен Инь Янь.  (Дәуіт жұлдызына ұқсас белгі). Екі шаршыдан құралған бұл символ мәңгілікті білдіреді деп түсіндірілген: бір бөлігі өткенді, екіншісі болашақты бейнелейді. Ол Қазақстанның жарқын келешегінің белгісі ретінде қарастырылған.

 Жас ай бейнесі бар ту нұсқасы. Ол Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде әлемдік қауымдастықтан өз орнын алуға ұмтылысын білдірген.

 Ақ-қызыл-жасыл түсті жоба. Абылайханның  ақ туы. Мұнда әр түске символикалық мағына берілген: ақ - тұтастық, қызыл - тарих, жасыл - жер, жұлдыз - шаттық.

Нәтижесінде қазіргі ту таңдалды. Көгілдір фонда күн мен қыран бейнеленген бүгінгі мемлекеттік ту бекітілді. Оның авторы - Шәкен Ниязбеков және шығармашылық топ.

Самұрықтан кемпірқосаққа дейін: елтаңба үшін ұсынылған эскиздер

Елтаңба бойынша 245 эскиз қаралған. Елтаңбаны жасау барысында 90-жылдары өте ерекше жобалар ұсынылған. Олардың қатарында  Самұрық құсы, қанатты арыстан және түрлі фантастикалық гибридтер болған. Кей эскиздерде қасқыр мен түлкінің аралас бейнесі, тіпті елтаңбаны кемпірқосақ түстерімен бояу идеясы да ұсынылған. Алайда комиссия мұндай нұсқалардан бас тартып, ортақ шешімге келді.

Нәтижесінде Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың идеялары біріктіріліп, қазіргі Қазақстан елтаңбасы бекітілді - шаңырақ, қанатты тұлпарлар және уықтар бейнеленген.

Әнұран тарихы да бірнеше кезеңнен өткен: 1992 жылы алғашқы ресми әнұран қабылданды 2006 жылы қазіргі «Менің Қазақстаным» әні бекітілді. Оның музыкасын Шәмші Қалдаяқов жазған.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz