RU
Толық нұсқаға өту

Елде 884 заңсыз қоқыс полигоны анықталды

04.06.2026, 15:45 39

Биыл елде 884 заңсыз қоқыс полигоны анықталып, оның 196-сы, яғни 22 пайызы жойылды. Ел аумағында мұндай деректердің басым бөлігі Абай, Қостанай және Ұлытау облыстарына тиесілі.

Бұдан бөлек, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ бірқатар өңірлерде ғарыштық мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Құзырлы органдардың мәліметінше, заңсыз қоқыс орындарын анықтау және жою бағытындағы жүйелі шаралардың нәтижесінде ел бойынша көрсеткіш жыл сайын жақсарып келеді. Мәселен, 2020 жылы 8 884 полигон анықталып, олардың 66 пайызы жойылған болса, 2025 жылы бұл сан 3 828-ге дейін азайды.

Ерболат Қожықов, ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

- Мониторинг нәтижелері кейбір аймақтарда қоқыс полигондарын тазарту жұмыстары жеткіліксіз болып қала беретінін көрсетеді. Әкімдіктер қабылдаған шараларға қарамастан барлық аймақтар қоқыс полигондарының алдын алуды және уақтылы тазалауды қамтамасыз ете бермейді. Нәтижесінде 2026 жылы 15 жергілікті өзін-өзі басқару органының лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдар жалпы сомасы 3,7 миллион теңгені құрады. Рейдтер аясында қосымша 488 қоқыс полигоны анықталды, оның 94-і жойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz