RU
Толық нұсқаға өту

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

04.06.2026, 15:40 44

Бүгін – 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні. Осыдан 34 жыл бұрын еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін көк туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз бекітілді.

Ал «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Содан бері бұл күн күнтізбеде тарихи дата деп бекітіліп, атап өтіліп келеді. 

Ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттің ресми рәміздері. Төл таңбаларымыздың қай-қайсысы болмасын қастерлі. Мәселен, көп туымыздың арасынан бірден көзге түсетін көк туымыз. Онда бейнеленген қыран құс еркіндік пен бостандықтың белгісі ретінде бейнеленген. Көк түс – бейбітішілік пен бірліктің, күн – молшылық пен берекенінің нышаны. Ал ою – ұлттық құндылығымыз ұлықтап, мәдениетіміз бен дәстүрімізді дәріптеп тұр.

Шахмарал Кабулова, Қарағанды облысының әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздердің қолдану мен пайдалану мониторингілеу  жөніндегі облыстық инспекциялық тобының мүшесі:

- Мемлекеттік тудың конкурсы қаншама елдің дизайнерлары, суретшілері қатысты. ТМД, Түркия, Германия, Моңғолия. Өздеріңіз білесіздер, 1200-ге жуық шығармашылық өкіл қатысып, 600-ден астам пікір білдіріп, 245 жоба сурет ұсынылды. Мемлекеттік рәміздеріміздің авторларын да біліп қана қоймай, оларды насихаттауымыз керек. Себебі Мемлекеттік рәміздеріміз егемен еліміздің жадында мәңгі қалады.

Елтаңба – елдігіміздің тұғырлы таңбасы. Оны құрастыру кезінде 300-ге жуық жоба ұсынылып, Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың нұсқасы үздік деп танылды. Елтаңбадағы шаңырақ, уықтар мен қанатты пырақтар, бес жұлдыз, алтын түс пен көк түс тәуелсіздіктің, бірлік және мемлекеттік өркендеуін айшықтап тұр.

Ілияс Бақтығалиев, саясаттанушы:

- Мемлекеттік рәміздер – кез келген елдің бет-бейнесі мен ұлттық кодын айқындайтын маңызды белгілер. Олар түрлң шараларда кеңінен қолданылады. Рәміздер азаматтардың елге деген құрметін арттырып, патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. Мемлекеттік рәміздер қоғамды біріктіретін маңызды құндылықтардың бірі саналады. Сондықтан қандай кезеңде болмасын, халыққа өзін танытатын осындай нышандар қажет болады.

Ал ұлттың тұтастығын білдіретін Әнұранымыз қазақ халқының намысын қайрап, рухын көтеру мақсатта өмірге келді. Жұмекен Нәжімеденов пен Шәмші Қалдаяқовтың шығармышлығынан туындаған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz