Қазақстандықтардың басым бөлігі мемлекеттік мерекелерді елдің басты мемлекеттік рәміздерімен байланыстырады.
Мұндай қорытынды Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Оның нәтижесі көрсеткендей, азаматтардың жартысынан көбі мерекелерді, ең алдымен Тумен және Елтаңбамен ұштастырады. Тағы 44%-ы Әнұранмен байланыстырады екен. Яғни отандастарымыз үшін мемлекеттік мереке - бұл жай ғана демалыс күні емес, ол елдік пен егемендіктің символы. Сауалнамаға қатысушылардың 38% отансүйгіштіктің тағы бір белгісі ретінде ұлттық киімді атап өткен. Жалпы мемлекеттік мереке дегенде тұрғындардың 24 пайызы бұқаралық ойын-сауық пен концертті елестетеді. 24 пайызға жуығы дәстүрлі тағаммен, тағы 17 пайызы отшашумен байланыстырады. Айта кету керек, Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген сауалнамаға барлық өңірден үш мың азамат қатысқан.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мемлекеттік рәміздер #статистикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz