Степногорск қаласы әкімінің қаланы қысқы және жазғы күтіп-ұстау жұмыстарын қалыптастыру және жоспарлау кезінде бюджет заңнамасының бұзғаны анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
Атап айтқанда, бұзушылықтар сметалық құнның негізсіз ұлғайтылуына, артық және экономикалық тұрғыдан негізделмеген жұмыс көлемдерінің енгізілуіне, сондай-ақ заңнамаға сәйкес келмейтін және бәсекелестік ортаны шектейтін талаптардың белгіленуіне байланысты.
Прокурорлық тексеріс кезінде жалпы сомасы 1,1 млрд теңге болатын 9 мемлекеттік сатып алудың күші жойылды. Сметалық құн төмендетіліп, бюджеттен негізсіз жұмсалатын 386 млн теңге көлеміндегі шығындар алып тасталды, бұл мемлекеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.
Жіберілген заңдылық бұзушылықтар үшін қала әкімінің орынбасары және мемлекеттік активтер бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Степногорск #прокуратура #бюджет қаржысы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz