Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай ашық аспан астындағы көрме ашылды.
Рәміздердердің тарихына арналған іс-шара басқа емес, қазақтың біртуар сазгері, әнұран авторы Шәмші Қалдыаяқов атындағы көшеде ұйымдастырылды. Онда Қазақстан Республикасының Президенттік архивінен алынған тарихи сәттердің суреттері, рәміздер авторларының өмірбаянына қатысты материалдар ұсынылған. Оның ішінде 1992 жылы мемлекеттік рәміздерге жарияланған байқауға жіберілген үлгілер мен Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесте талқыланған ұсыныстардың хаттамалары бар.
Сұлтан Оразаев, Геральдикалық зерттеу орталығының Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы
- Рәміздердің авторларын, соның ішінде олардың жеке өмірі туралы таңдауға қалай келді? Жалпы басты мақсатымыз рәміздерімізді ел арасында насихаттап, тарихын көрсету.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мемлекеттік рәміздер #Астана
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz