RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституцияға сәйкес 77 заң мен кодекс жаңартылады

04.06.2026, 17:50 30

Жаңа Конституцияға сәйкес 77 заң мен кодекс жаңартылады.

Бүгін Сенат депутаттары Ата заңның жаңартылған нұсқасына сәйкес заңнаманы кешенді түрде өзгертуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қолдады. Құжатта сайлау жүйесіне, прокуратура қызметіне, инвесторлардың құқықтарын қорғауға және өзге де салаларға қатысты түзетулер қарастырылған. Реформадағы маңызды бағыттың бірі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге арналған. Атап айтқанда, сайлау комиссияларын құру тәртібін нақтылау және сайлаушылардың кері шақырып алуына байланысты мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату рәсімін реттеу ұсынылған. Түзетулердің жеке бір блогы  Бас прокуратураға заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган мәртебесін беру және мүліктің заңды жолмен алынғанын тексеру тәртібін нақтылау көзделген.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Мақұлданған заңдар жаңа Конституцияны іске асыруға бағытталған түзетулер топтамасын қамтиды. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамаға мемлекеттік биліктің жаңа институттарын қалыптастыруға және сайлау үдерістерінің рәсімдерін нақтылауға қатысты өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар Прокуратураның инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметі реттеліп, Бас Прокурорға Инвестициялық омбудсмен өкілеттігі беріледі. Ілеспе түзетулер қылмыстық және әкімшілік құқық нормаларын да жаңғыртады. Бұл шаралар кешені конституциялық нормалардың тиімді әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз етеді деп сенеміз.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz