Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жетісу облысының 35 ауылында жаңа ту тұғыры салтанатты түрде ашылды. Ауқымды іс-шара ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналды.
Елді мекендердің барлығында бір мезетте Мемлекеттік Әнұран шырқалып, көк байрағымыз көкке көтерілді. Ұлттық рухты асқақтатқан мерекелік жиындарға 3,5 мыңнан астам адам қатысты. Салтанатты шара Талдықорған қаласында да кең көлемде ұйымдастырылды. «Рәміздерім – мақтанышым» атты патриоттық акцияға жастар, қоғамдық ұйымдардың белсенділері, мектеп оқушылары, еріктілер, интернационалист-жауынгерлер, әскери қызметшілер және қала тұрғындары жиналды. Шара барысында биіктігі 92 метр болатын ту тұғырының жанында отаншылдық рухтағы әндер орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қайрат Жаңабаев, облыстық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы:
- Бұл рәміздер әр қазақ үшін намыс. Өте жігерлі іс-шара. Сондықтан бүгінгі жастарымыз көк ту көтерілген кезде қанша рухты болады. Адамның ішінде рух пайда болады. Қазақ елі үшін мақтаныш болады. Сондықтан патриоттық шаралар жалпы жыл бойы патриоттық рухта өткізуіміз керек.
Тегтер #жаңалықтар #мемлекеттік рәміздер #мереке #хабар24
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz