Биыл жазда Қазақстан бойынша саяхаттау ыңғайлы болады. Көлік министрлігі елдегі туристік бағыттар бойынша бірқатар рейстер мен теміржол бағыттарының санын арттырды.
Бұл ретте бірқатар әуе рейстерге билеттердің құны қолжетімді деңгейде сақталады. Жолаушылар тасымалы үшін 15 қосымша теміржол маршруттары ұйымдастырылады. Олар 16 маусымнан қатынай бастайды. Әрі Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Қызылорда, Павлодар және Балқаш пен Достықты қоса алғанда, сұранысқа ие туристік және курорттық аймақтарға қатынайды. Жаз мезгілінде пойыздарда 550 мыңға жуық қосымша орын құрылады. Сондай-ақ әдеттегі уақытта пойыздар орта есеппен 13-15 вагоннан құралса, жазда олардың саны 21-ге дейін артады. Демалушылар үшін 1- маусымнан Қарағанды – Балқаш бағытында жаңа жолаушылар пойызы жүре бастады. Әуе қатынасы да кеңейіп келеді. Маусым мен тамыз аралығында Астана мен Алматыдан Балқаш, Үржар және Үшаралға аптасына жеті рет жиілікпен қосымша рейс орындалады. Осы бағыттар бойынша әуе билеттерінің құны 16-дан 20 мың теңгеге дейін болады.
Жазғы көлік тасымалдары
15 қосымша пойыз
550 мың қосымша орын
Вагондар саны:
13-15-тен 19-21-ге дейін
Қосымша әуе рейстері:
Астана / Алматы - Балқаш, Үржар, Үшарал
Әуе билеттерінің құны:
₸16-20 мың
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #туризм #саяхатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz