RU
Толық нұсқаға өту

Қонаевта Мемлекеттік рәміздер ұлықталды

04.06.2026, 21:50 33

Қонаевта Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты салтанатты жиын өтті. 

Түрлі сала мамандары марапатталып, жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер Отанға адал қызмет етуге ант берді. Орталық алаңдағы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын Әнұранды шырқаудан басталды. Ал тікұшақпен көк туымызды көкте желбіретіп алып өтуі іс-шараға қатысушылардың бойында патриоттық сезімін ұялатты.

Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:

- Жастардың патриоттық сезімін тәрбиеленге, өзіміздің ұлт, мемлекет екенімізді, бүгінгі біздің егемендіктің, Қазақстанның терең тарихы бар екенін айқындайтын айрықша күн деп есептейміз.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбегімен еленген түрлі сала мамандарына мемлекеттік наградалар табыс етті. Олардың арасында 40 жылға жуық уақыт бойы шәкірт тәрбиелеумен айналысқан ұлағатты ұстаздар да бар.

Бану Аманова, Шалқар орта мектебінің мұғалімі:

- Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Елтаңбамыз, Әнұранымыз қалықтай берсін биікте. Қазақстан Республикасының көгіндегі көк туымыз желбірей берсін! Еліміздің даңқы асқақтай берсін! Рақмет бәріңізге! Мереке құтты болсын!

Салтанатты жиында мемлекеттік қызметке жаңадан келген жастар халық алдында ант берді. Іс-шара соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аманжол Жөңкешов 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz