Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Алматы облысындағы көшпелі отырысында ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру мәселесі қаралды.
Жиында депутаттар мен сала өкілдері шағын жинақты мектептерге арналған Qazaq Digital Mektebi, жаңа білім беру моделін енгізу жайын талқылады. Жобаның негізгі мақсаты - қала мен ауыл мектептері арасындағы, білім сапасындағы алшақтықты қысқарту. Сонымен қатар отырыста «Педагог мәртебесі туралы» заң нормаларының орындалуы сөз болды.
Мәжіліс депутаттарының пікірінше, Qazaq Digital Mektebi жобасын дамыту үшін елімізде кешенді шаралар қолға алынуы қажет. Ол үшін ең алдымен «Педагог мәртебесі туралы» Заң актілеріне түзету енгізілуі тиіс. Сәйкесінше мұғалімдерге білім беру процесінде жасанды интеллектіні пайдалану бойынша үздіксіз практикалық біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырған жөн.
Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл көшпелі отырыстың мақсаты Qazaq Digital Mektebi жағдайының қалай іске асып жатқаны. Мектептердің жағдайы қалай екен, дайын ба, қандай мақсатта жұмыс істеп жатыр? Қандай кемшіліктері бар? Бізге қандай ұсыныстары бар? Мүмкін заң жағынан қандай қолдаулар керек? Түзетулер беруіміз керек пе? Не істеуіміз керек деген мақсатта келіп көрдік. Алматы облысының бес мектебін аралап көрдік.
Алматы облысында оқушылар саны жыл сайын орта есеппен 7–10 мың балаға дейін өседі. Мұндай қарқын білім беру инфрақұрылымын үздіксіз дамытуды және жаңа тәсілдерді енгізуді талап етеді.
Майра Мелдебекова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
- Qazaq Digital Mektebi негізгі мақсаты – осы білім сапасын ауыл, қала мектептерінің арасындағы білім сапасын теңестіру. Әсіресе ауыл мектептеріндегі жағдайды қазір жетілдіру. Осы қазір министрлік тарапынан жасанды интеллектіні орта білімге енгізуге үлкен кешенді жоспар құрылады. Сол жоспардың негізгі тағы бір бөлігі сол Qazaq Digital Mektebi болып қала береді. Біріншіден, бұл инфрақұрылымды дамыту, әсіресе, интернет мәселелерін жетілдіру.
Алматы облысында соңғы төрт жылда 69 жаңа мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 26 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 52-ден 23-ке дейін қысқарды. Көшпелі отырыс барысында Цифрлық даму және асанды интеллект министрлігінің өкілдері Qazaq Digital Mektebi жобасын жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетілетінін айтты.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #парламент #Алматы #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz