Суға кеткеннің екеуі бала.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар судағы қауіпсіздікке мән бермейді. Ал ата-аналар баласын қараусыз қалдырып жатады. Өңірде суға түсуге қауіпті 63 жағажай анықталып, бақылауға алынды. Бұл учаскелерге 400-ге жуық ескерту белгісі мен жүзден аса ақпараттық билборд орнатылды. Төтенше жағдайлар департаменті тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылу керектігін ескертеді. Сондай-ақ қарапайым сақтық ережелерін қаперден шығармаған жөн.
Жандос Досымов, облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
- Жыл басынан бері 400-ден астам рейдтік жұмыстар өткізіліп, 13 мыңнан астам тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шараларға қарамастан биыл судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 11 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді. Облыс көлемінде суға шомылуға арналған 9 ресми орын белгіленген. Сондықтан тұрғындарды тек арнайы белгіленген жағажайларға шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Тегтер #Қызылорда облысы #судағы қауіпсіздік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz