«Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 пайыз үлесі экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды «24KZ».
Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, 2015 жылы серіктестіктің жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз иеліктен шығарылып, жеке заңды тұлғаның меншігіне заңсыз жекешелендірілген. Әңгіме Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан, жер учаскесімен қоса жалпы аумағы 2 108,3 шаршы метрді құрайтын ғимарат туралы болып отыр.
Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берген.
Нәтижесінде кассациялық сот прокуратураның талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешіміне сәйкес құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекет меншігіне қайтарылады.
Алматы қаласы прокуратурасы аталған мүліктің экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның иелігінде болғанын атап өтті. Ведомствоның хабарлауынша, сот актісі заңды күшіне енді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Қазақ энциклопедиясы #Мұхамедиұлы #прокуратураPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz