RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

ҰҚК шекара бұзған 1125 шетел азаматын ұстады

05.06.2026, 14:11 42

ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы мамырда құзырлы органдармен бірге Қазақстан заңнамаларын бұзған 3 881 адамды ұстады, соның ішінде 1 125-і шетел азаматы, деп хабарлайды «24KZ».

ҰҚК мәліметінше, мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1180 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

41 факті – есірткі заты; 
61 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 бірлік атыс, 42 бірлік суық қару, 118 бірлік оқ-дәрілер); 
406 факті – көлемі 85 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
526 факті – жалпы сомасы 665 млн теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
146 факті – жалпы сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.

Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 12 фактісі анықталып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді. Шығын көлемі шамамен 210 млн теңгеден асады.

Сондай-ақ Шекара қызметі 62 қылмыстық іс қозғады, тергеу шаралары жүргізілуде.

Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz