RU
Толық нұсқаға өту

«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғам негізі  

05.06.2026, 17:00 45

Қостанайда өткен партиоттар форумында «Конституция және азамат» тақырыбында диалог алаңдары жұмыс істеді. 

Онда қатысушылар құқықтық мәдениет, креативті патриотизм және экологиялық волонтерлікті дамыту турасында ой бөлісті. «Заң мен тәртіп» қағидатын одан әрі нығайту жолдарын талқылады. 

Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан жаңа Ата заңның басты құндылығы- адам екенін баса айтты. Қоғам дамуындағы Конституцияның ролі туралы  баяндама жасаған депутат «жеке тұлғаның құқығы конституциялық деңгейде қорғалады», - деді. 

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тәртіп бар жерде мемлекеттік даму бар. Сондықтан мемлекеттік идеологема ретінде танылып, 1 шілдеден бастап күшіне енетін осы маңызды конституциялық идеологеманы біз елге, халыққа көбірек түсіндіріп, кеңінен насихаттауымыз қажет.

Заң мен тәртіп ұғымы тек құқық қорғау органдарына қатысты емес.Ол – баршаға ортақ мәселе. Сондықтан көпшілік оның мазмұнын түсініп, маңыздылығын түйсінуі қажет. 

Марат Сексембаев, Қостанай облысының прокуроры:

- Ең бастысы, «заң мен тәртіп неден басталады?» деген әңгіме туындады. Бұл міндет сот, құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, бірлесіп, іске асыру қажет деп шешім қабылдадық.   

Талқыға түскен тағы бір тақырып – креативті индустрия. 12 бағыт, 43 қызмет түрін қамтитын бұл сала қазіргі кезде ел экономикасының маңызды драйверіне айналып келеді. 

Давид Туганов, Қазақстанның креативті индустриялар альянсының президенті:

- Креативті өнім ойлап шығару үшін басқа ел, аймақтарға барудың қажеті жоқ. Түрлі идея, жобаларды жүзеге асыруға осында барлық жағдай жасалған. Стартап тәсілін қолдануға болады. Ол үшін университеттер, креативті хабтар сияқты инфрақұрлымдар Қостанай облысында бар.

Тағы бір алаңда форумға қатысушылар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық волонтерлікті және қоғамдық бастамаларды дамыту мәселесін талқылады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz