Қазақстанның өсімдік май экспорты 64 пайызға артты. Отандық кәсіпкерлер 914 млн доллардың өнімін шетелге сатқан.
Осылайша, тауардың осы түрін әлемдік нарыққа жеткізетін алғашқы 6 елдің қатарына енді. Енді сала мамандары үздік үштікке кіруді жоспарлап отыр. Олардың айтуынша, май және тоң май дақылдарының экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуге болады. Бұл мақсатты 2028 жылға дейін жүзеге асыру міндеттелген. Осы ретте, елордада халықаралық конференция өтті. Әлемнің 18 елінен 300-ден астам сарапшы мен сала өкілдері қатысып, шетелге тауар шығару мәселесін пысықтады. Жиынға ірі май өңдеу зауыттарының басшылары мен инвестициялық институттардың және жаһандық трейдерлік компаниялар қатысты. Олар салаға серпін берудің жолын қарастырып, тың идеяларды талқылады.
Айнұр Әмірбекова, Qaztrade басқарушы директоры:
- Май және тоң май дақылдары дүниежүзінің 20 мемлекетіне жеткізіліп отырады. Негзігі экспорт Қытай, ОА, Еуропалық одақ мемлекеттері. Осы мемлекеттердің импортын толық қамтамасыз етеміз. Май және тоң май экспорты қазір ауыл шаруашылығының өңделген өндірісінің экспорт көлемінің 27 пайызын құрап отыр. Бұл экономика әртараптандыру бағытында үлкен серпіліс беріп отыр.
Тегтер #өсімдік майы #экспорт #кәсіпкерлер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz