RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Елде аула сыпырушылар мен қара жұмысшыларға сұраныс жоғары

05.06.2026, 17:39 44

Елде  бірқатар салаларда кадр тапшылығы сақталып отыр, деп хабарлайды «24KZ».

Finprom.kz деректеріне сәйкес, 2026 жылы еңбек нарығындағы негізгі сұраныс жаппай және жұмысшы мамандықтарына, сондай-ақ әлеуметтік сала қызметкерлеріне шоғырланған.

 2026 жылы ең сұранысқа ие 10 мамандық:

·         қара жұмысшылар – 80,9 мың вакансия;

·         біліктілігі жоқ басқа жұмысшылар – 63,9 мың;

·         аула сыпырушылар мен ашық аумақ тазалаушылары – 50,8 мың;

·         орта мектептің қоғамдық пәндер мұғалімдері – 33,5 мың;

·         орта буын медициналық персонал – 26,3 мың;

·         өңдеу өнеркәсібіндегі біліктілігі жоқ жұмысшылар – 22 мың;

·         науқастарға күтім жасайтын қызметкерлер – 20,2 мың;

·         кеңсе тазалаушылары – 20 мың;

·         мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері – 19,7 мың;

·         үй-жай тазалаушылары – 19 мың.

 

Аймақтар бойынша ең жоғары сұраныс

Болжам бойынша, ең көп бос жұмыс орны Астанада тіркеледі – 128 мың вакансия. Одан кейін Алматы (102 мың), Түркістан (98 мың), Павлодар (88 мың) және Қарағанды (77 мың) облыстары көш бастап тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау (19 мың), Маңғыстау (26 мың) және Жетісу (28 мың) облыстарында күтіледі.

Сонымен қатар ең сұранысқа ие салалар қатарында білім беру, денсаулық сақтау, өңдеу өнеркәсібі, мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен сауда салалары қала береді.

Мамандар бұл үрдісті демографиялық өсіммен және білім беру мен денсаулық сақтау инфрақұрылымының кеңеюімен байланыстырады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz