RU
Толық нұсқаға өту

Олжас Бектенов СҚО-ға жұмыс сапарымен барды

05.06.2026, 19:48 42

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. 

Үкімет басшысы Петропавлда көктемгі дала жұмыстарының аяқталуына байланысты кеңес өткізді. Жиында Призидент тапсырмаларының орындалу барысы мен агроөнеркәсіп саласының дамуы талқыланды. Премьер-министр өңірдегі ірі инвестициялық жобалармен танысып, бірқатар кәсіпорында болды.

Премьер-Минитр Олжас Бектеновтың жұмыс сапары Корнеевка ауылындағы заманауи тауарлы-сүт фермасынан басталды. Озық технологияларға негізделген кешенде асылтұқымды 2,5 мың ірі қара бар. Кәсіпорын жұмысы толық цирландырылған. Енді жасанды интеллект үрдістері енгізіледі.

Александр Фадеев, серіктестік директоры:

- Тауарлы-сүт фермасында малдың жай-күйін бақылау, жем-азық беру, климаты реттеу жүйесі толық цифрландырылған. Қазір талдау мәліметтерін жасанды интеллект арқылы өңдеуді қарастырып жатырмыз.

Солтүстік Қазақстан облысы – астықты аймақ. Биыл өңірде 4 млн 300 мың гектар жерге дән себілді. Үкімет басшысы Олжас Бектенов көктемгі дала жұмыстарын аяқтаған диқандармен кездесіп, ауыл шаруашылығы – ел экономикасының басым бағыты екенін атап өтті.

 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Ауылға, ауыл шаруашылығына қомақты қаражат бөлініп жатыр. Қазір айтып жатырмыз ғой, биыл 1 трлн 200 млрд теңгеге дейін жеткіземіз. Осындай қаражат ешқашан болған жоқ. Оның бәрі Президент жұмысының нәтижесі, саясаты, көңілі, назары. Сондықтан әрі қарай да, әрине қолдауды жалғастырамыз. Мемлекет тарапынан әрдайым қолдау болады. Тек қана адал, нәтижелі жұмыс жасасаңыздар болды.

Серік Малаев, серіктестік директоры:

- Ақырғы екі жылда мемлекеттің қолдауы өз шешімдерін тауып, шаруашылықтар технологиялық серпіліске жол ашты. Барлық шаруашылықтарға кредит ресурстарын алуға қолжетімді болып жатыр. Өз тарапымыздан ауылды көркейтуге, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ауылдың экономикасын нығайтуға өз жағымыздан қызмет істейміз.

Көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы мен агроөнеркәсіп кешенінің дамуы Петропавлда өткен кеңесте талқыланды. Жиында ауыл шаруашылығы министрі мен Ақмола, Қостанай, Түркістан, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері онлайн түрде баяндама жасады. Премьер-министр кәсіпкерлерге мал шаруашылығын да қатар дамыту керектігін ескертті.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Жиынға ауыл шаруашылығы саласының бизнес өкілдері қатысып отыр. Оларға ірі шаруашылықтар ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтуы керектігін тағы еске салғым келеді. Бұл – Сіздерге қойылған басты талап. Мемлекеттің қолдауына сәйкес міндеттемелер де орындалу керек. Кім бұнымен айналыспайды, олардың жерін мемлекет меншігіне қайтару жағын қарастырамыз.

Мал шаруашылығының дамуы ветеринарлық қауіпсіздікке байланысты. Бұл ретте Президент тапсырмасымен Үкіметтен сала инфроқұрылымын дамытуға 66,2 млрд.теңге бөлінді. Оған 2400 ветеринарлық нысан салынады. «Қазір ел бойынша эпизотялық ахуал тұрақты», - дейді мамандар.

Қазбек Тәшімов, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы:

- Республикамыз ауылдан вакциянациямен таза аймақ мәртебесін алды. Бұл мәртебені беру бізге көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Атап айтқанда, экспорттық әлеуметті арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруға және қосымша нарықтарды ашуға мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов сапар аясында су тасқынына қарсы атқарылған іс-шаралармен танысты. Өңірде 24 шақырым қорғаныс бөгеті салынды. Бұл мақсатқа 14 млрд теңге жұмсалған. Сонымен қатар қазір Прибреженое ауылында жол өткелінің құрылысы жүріп жатыр. Одан бөлек, Премьер-министр Петропавлда бой көтеріп жатқан көпсалалы ауруханада болды. Бір ауысымда 480 адамды қабылдайтын емдеу мекемесі келесі жылы тапсырылуы тиіс.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz