RU
Толық нұсқаға өту

Елде ІТ қызметтер экспорты артты

05.06.2026, 20:42 31

Биыл елдегі ІТ қызметтер экспортын 1 млрд долларға жеткізу керек. Бұл – Президент жүктеген міндет. 

Бұл орайда отандық стартаперлердің әлеуеті қандай? Қазақстандық жобаларға қаншалықты сұраныс бар? Елдің экспорты шикізатпен шектелмейді. Өркениет өрістегелі Қазақстан әлемге цифрлық өнімдерін саудалап жатыр. Қазірдің өзінде сыртқы нарыққа 1 млрд доллардың өнімі сатылған.

Отандық айти жобалардың көбі Astana Hub алаңында жасалады. Бұл - Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық класстер. Мұнда 1900-ден астам IT-компания тіркелген. Оның басым бөлігі Қазақстанға тиесілі. 500-ден астам қатысушы өз өнімі мен қызметін экспортқа шығарып отыр. Бұл қатарда да жергілікті компаниялардың үлесі басым. Ізденістің ізіне түскен мамандар 100-ден аса мемлекетке үлкен деректерді талдау платформаларын, GovTech-шешімдер, сондай-ақ қаржы секторындағы өнімдерді сатады.

Әлия Қанатова, Astana IT University ассистент профессоры, ҚҚДИ бас сарапшысы:

- Эстония мемлекетінде жылына 2 млрд доллардан астам айти өнімін эспорттайды. Біздің де мұндай межені орындауға әлеуетіміз жетеді. Қазақстанда қазір 4 мыңнан астам компания жұмыс жасайды. Мемлекетке нақты тіркелген. Астана хаб тіркелушілері 80-нен астам мемлекетпен ынтымақтасады. Бұл фундаменталды, мықты экосистема қалыптасқан. Бір-бір бағыттың бірі. Экспортты 1 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік беретін тетіктердің бірі болып саналады. 

Отандық IT өнімдер экспорты артпаса, кеміген емес. Мәселен, мектептерде психологтар мен кәсіби бағдар берушілердің жұмысын оңтайландыруға бағытталған жобаға Өзбекстан мен Сауд Арабиясы қызығушылық танытып отыр. Сәтін салса, отандық айти өнім жаһандық нарыққа шығады. Жалпы мұндай мүмкіндікке жету үшін стартапшылар әр елден серіктес табу маңызды. Осы мақсатта Астана хаб АҚШ, Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірлігі мен Қытайда инновациялық хабтар құрды.

Әсел Асылбекқызы, METU университетінің адемиялық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры:

- Астана хабта түрлі бағларламалар бар. Ол стартап жобаларды қаржыландыруға да көмек тигізіп жатыр. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан шетелге шығару мақсатында Астана хабтың өзінде акселерациялық бағдарламалар бар. Ол бағдарламалардың негізі мақсаты –  бағыттау және кедергілерді жою деп есептеймін. Өйткені акселерацияның өзінде көптеген жетекші мамандар отыр. 

Мамандардың пайымынша, экспортты арттырудың бірден бір жолы – инновациялық экожүйені жетілдіру. Құзырлы министрлік бұл бағытта жыл сайын 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөледі. Оған 2027 жылға дейін инновациялық грант беру, әлеуетті инвестор табуға көмектесу, жобаларды коммерцияландыру сияқты міндеттер орындалады. Ал отандық айти өнімдер қатары көбейсе, импорт та азаяды. Сарапшылардың айтуынша, инновациялық стартаптар басқа салаларға қарағанда тиімді әрі табысты.

Бекнұр Қисықов, экономист:

- Бұл өте пайдалы, туризм сияқты. Тіпті туризмнен де пайдалы. Біз қазір көбіне қазба байлықты экспорт жасаймыз. Соның арқасында бюджетті толтырып жатырмыз. Мұнай-газ жағынан. Сол эспорт арқасында күн көріп жатырмыз. Егер айти өнімді экспорт жасаса, бұл жерде ешқандай байлықты қазудың қажеті жоқ. Біз болашаққа өз байлығымызды қалдырамыз. Мұнай мен мысты қазу үшін қанша күш керек. Ал айти салада өз дарының, қабілетің маңызды. 

Айти экспорттағы өсім елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қомай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септеседі. Сарапшылар бірер жылда цифрлық сала экономиканың негізгі тірегіне айналатынын айтып отыр. Қазір бұл секторда 185 мың адам еңбек етеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz