RU
Толық нұсқаға өту

Е. Қарин: Заңдардың бекітілуімен реформаның екінші кезеңі түйінделеді

05.06.2026, 21:47 39

Референдумда қабылданған жаңа Ата Заң Конституциялық реформаның бірінші кезеңінде жүзеге асырылса, заңдардың және басқа да құқықтық актілер топтамасының бекітілуімен реформаның екінші кезеңі түйінделеді. 

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм арнасында хабарлады. Ал 1 шілдеден реформаның үшінші кезеңі басталады. Бұл мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған. Алдымен Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді, одан кейін Қазақстан Халық Кеңесі құрылады. Оның ізін, ала биліктің өзге де негізгі институттары жаңарады. Реформалардың жалпы қисыны кезең-кезеңімен жүзеге асырылуында: алдымен тұжырымдама, содан соң құқықтық база, одан кейін мемлекеттің саяси моделінің жаңаруы. Өзгерістердің қарқынына да ерекше назар аударған жөн. Реформалар тоқтаусыз әрі мақсатты түрде жүргізіледі, сондай-ақ нақты әрі салмақты сабақтастыққа негізделген. Мұның барлығы Мемлекет басшысының саяси стиліне тән дүниелер. «Осылайша, кең ауқымдағы қоғамдық келісімге сүйенген, жүйелі әрі дәйекті жаңғыру, қазіргі Қазақстанның басты ерекшелігіне айналып келеді», - деді Мемлекеттік кеңесші.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz