RU
Толық нұсқаға өту

Алдағы үш күнде күшті магниттік дауыл байқалады

05.06.2026, 22:14 37

Қазақстандық ғалымдар бүгіннен бастап үш күн бойы күшті магниттік дауыл болатынын болжады. 

Ионосфера институты мамандарының айтуынша, оның ерекшелігі аспанда полярлық шұғыла өте анық көрінеді. Соңғы рет осындай сирек құбылыс қаңтар айында тіркелді. Сол кезде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында түнгі аспан ерекше жарқырады. Күшті магниттік дауыл байланыс жүйесіне және орбитадағы кейбір спутниктердің жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар дәрігерлердің айтуынша, қан қысымы бар адамдардың абай болғаны жөн. 

Ботагөз Сейфуллина, Ионосфера институтының аға ғылыми қызметкері:

- Күн белсенділік танытатын кезеңдер болады. Мұндай белсенділік шамамен 11 жылға созылады. Бірде өсіп, бірде төмендеп отырады. Қазір біз төмендеу кезеңіне жақындап келеміз. Алайда мұндай қорытындыны нақты деректерге сүйеніп қана жасай аламыз. Ол үшін уақыт өтуі керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz