RU
Толық нұсқаға өту

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өзгерді

06.06.2026, 11:30 55

Елде зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ең төменгі жеткілікті шегі белгілі болды.

Жаңа есептеулерге сай, енді 20 жастағы азамат қордағы қаражатты 6 млн 670 мың теңгеден асқан жағдайда ғана белгілі мақсаттарға пайдалана алады. 25 жастағылар үшін 8 млн 150 мың теңге, 30 жас үшін  9 млн 750 мың теңге, ал 62 жастағылар үшін - 23 млн 570 мың теңге деп белгіленген. Егер шоттағы сома бұл межеден аз болса, жинақты пайдалану мүмкін емес. Айта кетейік, жинақтың ең төменгі жеткілікті шегі биыл осымен екінші рет өсіп отыр. Қаңтарда 10 пайызға артқан еді. Бірақ ол кезде кезекті индек-сация жасалған. Хабарлама Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында жарияланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz