RU
Толық нұсқаға өту

Мәдениет қызметкерлеріне 260 пәтер берілді

06.06.2026, 15:15 41

Үш жылдың ішінде мәдениет қызметкерлеріне 260 пәтер берілді. Осылайша билік өнер өкілдерінің әлеуметтік әлеуетін арттыруға бейілді.

Бұдан бөлек жыл сайын 75 мәдениет қайраткеріне мемлекеттік стипендия тағайындалып келеді. Биылдан бастап сыйақының мөлшері екі есеге ұлғайып, 5 млн теңгені құрады. Ал алда дәстүрлі өнер шеберлеріне «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы беріледі. Бұл марапат Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы негізінде Президент Жарлығымен табысталады. Мемлекет мезіретінен қаламгерлер де құр қалып қалып отырған жоқ. 2023 жылдан бастап қазақ басшысы жас жазушылар мен ақындарға арналған арнайы әдеби сыйлықты табыстап келеді. Ілкімді істің игілін бұған дейін 12 автор көріп, 50 млн теңгені сыйақы берілді. Ал Ұлттық әдеби «Айбоз" сыйлығы 28 қаламгерге табысталып, жалпы жүлде қоры 140 млн теңгені құрады. 

Пәтер - 260

Мемлекеттік стипендия - 75

Әдеби сыйлық - 12

"Айбоз" сыйлығы - 28  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz