RU
Толық нұсқаға өту

Қостанайда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында марафон ұйымдастырылды

06.06.2026, 21:37 33

Қостанайда 300-ге жуық адам жаппай жүгіруге шықты.

Бұл марафон «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жоспары аясында ұйымдастырылды. Оған құқық қорғау органдарынан бөлек түрлі мекеме, ұйым өкілдері қатысты. Жарыс жолына шығуға тілек білдіргендердің ешқайсысына шектеу қойылған жоқ.

Барлық құқық қорғау органдарының қатысумен мұндай ауқымды марафон Қостанайда алғашқы рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорт тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырады. 

Марат Сексембаев, Қостанай облысының прокуроры:

- Құқықтық марафон деген Президент айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау халыққа. Қағидат әр азаматтың күнделікті ісінен басталады деп ойлаймыз біз. Соны халыққа жеткізу деген мақсатпен марафон өткізіп жатырмыз. 

Жарыс шарты бойынша қыздар 2 мың 200 метрге, ер адамдар 4 мың 400 метрге жүгірді. Арасында жарыс жолына алғаш шыққандар да бар.  

Нұрсұлу Пряхина, Қостанай облыстық прокуратурасының өкілі:

- Әрине жұмыс бабымен физода жүгіреміз, бірақ ауқымды марафонға қатысу бірінші рет болып тұр. Марафонның жалпы мақсаты - әрбір органдардың ынтымақтастығы. Және бұл марафонда тек жүгіру ғана емес, осы біздің ортамызда интеллектуалды сайыстар да өтеді. 

Мамандардың пікірінше, жиналып жаппай жүгіру адамдарды ортақ мақсатқа, бір мүддеге біріктіреді. 

Бахтияр Қоспанов, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Жыл бойы спортшылармен, мәдениет қызметкерлерімен, студенттермен, жастармен кездесу өткізіп, заң мен тәртіп жалпыға ортақ міндет екендігін түсіндіреміз. Осы марафон арқылы да біз бірлігімізді бекемдеудің, құқықтық жүйеде өмір сүрудің маңыздылығын жеткізуді мақсат еттік. 

Марафонға қатысушылардың барлығына медаль беріліп, жүлдегерлер кубок, грамотамен марапатталды.  

Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz