RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық ұлан LRT станцияларында қоғамдық қауіпсіздікке жауапты

08.06.2026, 09:57 52

Елордада LRT станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қызметке кірісті, деп хабарлайды «24KZ».

Жолаушылар ағынының артуына байланысты қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау және жолаушылар қозғалысын реттеуге қосымша күш тартылған.

Ұландықтар тек станциялардың ішінде ғана емес, оған іргелес аумақтарда да қызмет атқарып, азаматтарға қажетті көмек көрсетеді. Негізгі мақсат – қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Қазіргі таңда қызмет 17 станцияда екі ауысымдық режимде ұйымдастырылған. Жұмыс полиция қызметкерлері, көлік саласының өкілдері және LRT әкімшілігімен бірлесіп жүргізілуде.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz