RU
Толық нұсқаға өту

Өңірлердегі көктемгі дала жұмыстары

08.06.2026, 11:12 48

Елде негізгі астық егетін өңірлер Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқабы 4,3 млн гектар. Өңірде майлы дақылдар екінші жыл қатарынан 1 млн гектарға егілді. Биыл 90 миллиард теңгеге 3 жарым мың техника сатып алу жоспарланған. 

Ақмола облысында 5,6 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Майлы дақылдардың көлемі 715 мың гектарға жетті. Жыл басынан бері өңірден экспортқа 1,9 млн тонна астық жөнелтілді. Аршалы ауданында астықты терең өңдейтін ірі зауыттың құрылысы басталады. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 900 млрд теңге. 

Қостанай облысында көктемгі егіс науқаны 5,2 млн гектар алқапта жүргізілді. Майлы және дәнді-бұршақты дақылдардың үлесі ұлғайды. Облыс ұн өндірісінде көш бастап тұр. Қазір мұнда астықты терең өңдеу бағытындағы жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. 

1) СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Жалпы егіс көлемі – 4,3 млн га

Дәнді дақылдар – 2,9 млн га

Бидай – 1,9 млн га

Майлы дақылдар – 1 млн га

Жемшөп дақылдары – 405 мың га

Картоп – 8,6 мың га

Көкөніс – 1,4 мың га 

2) АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Жалпы егіс көлемі – 5,6 млн га

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 4,5 млн га

Майлы дақылдар – 715 мың га

Мал азықтық дақылдар – 370,7 мың га

Картоп – 8,6 мың га

Көкөніс – 1,5 мың га 

3) ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Жалпы егіс көлемі – 5,2 млн га

Майлы дақылдар – 887 мың га

Дәнді-бұршақты дақылдар – 212,3 мың га

Картоп – 7,5 мың га

Біржылдық шөптер – 107 мың га

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz