RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте ерекше балаларды оқыту аясы кеңейеді

08.06.2026, 13:29 40

Елде мүгедектігі бар балаларды оңалту бағдарламасының аясы кеңейіп келеді.

Төсекке таңылған жеткіншектерге аяғынан тұруға көмектесу үшін үйде жаттығуға арналған арнайы құрылғылар қажет. Алайда мұндай жабдықты алуға екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Енді мемлекет тарапынан тегін алуға мүмкіндік бар.

13 жасар Мәди жыл сайын Шымкенттегі оңалту орталығында емделеді. Мемлекет биыл ерекше балаға үйде айналысу үшін арнайы тренажер бөлді. Күнделікті жаттығудың арқасында жеткіншек жақында аяғын сезе бастапты.  «Бұның өзі біз үшін үлкен жетістік» , дейді анасы Аида Серікова. 

Аида Серікова, қала тұрғыны:

- Бұндай аппараттар тек ағаш түрінде болған оның өзін Шымкент қаласында бір кісі жасап сататын, ол аппаратқа қарағанда осы аппараттар өте ыңғайлы, өйткені бұл көп деңгейлі дей ма, многофункциональный аппарат болғандықтан баламның жағдайына, баланың жағдайына, баланың деңгейіне қарай қолдануға болады. Градус бойынша баланы тұрғызуға үйретуге дайындалған.

Жоба Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің бастамасымен жүзеге асып отыр. Оны «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырды. Басты мақсат – төсекке таңылған балалардың аяғына тұруына көмектесу. Шымкенттегі пилоттық бастаманың нәтижесі ауыз толтырып айтарлық. Төсекке таңылған кішкентай науқастардың арасында жарты жылда денесін көтеріп, бір жылда жүре бастағандар бар.    

Салтанат Ыбыраева, әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы ҚФ директоры:

- Ата-аналарға мобильдік қосымшадан "Социум" приложениесі жүктеліп, сол арқылы балаларды бақылауда ұстап отырамыз, өзінің логин паролі беріледі ата аналарға, сол логин пароль арқылы приложениеге кіріп, сол жерде күнделікті  берілген жатссылка бойынша салып отырады. Ол жерде бес минуттық видеолар бар және де фотосуреттерден отчет жібере алады. Біз соны "Социум" бағдарламасының базасынан бақылап отырамыз.

Шымкентте ауыр дертке шалдыққан 250 бала оңалтудан өтті. Орталықта жеткіншектермен арнайы мамандар айналысса, үйде ата-аналары тренажерде жаттықтырады. Тынымсыз еңбектің арқасында жүзге тарта науқас аяғына тұрып, жүруді, өз-өзіне қызмет көрсетуді үйренді. 

Орталықта туа бітті естімейтін балалар да оңалтудан  өтіп жатыр. Оларға мемлекет есебінен ота жасалып, кохлеарлық импланттар орнатылды. Қымбат бағалы заманауи қондырғының көмегімен балалар дыбыстарды ести бастады. Дәрігерлердің ендігі міндеті оларға сөйлеуді үйрету. Мүкісін жеңген жеткіншектер қатарынан қалыспай білім алып жатыр.  

Замира Орысбаева, қала тұрғыны:

- Осы орталыққа келіп жатқанымзға бес жыл болы, өте жақсы результат болып жатыр бізде, біз бірінші сынып бітірдік, жалпы орта мектепке барамыз, екінші сыныпқа өттік, балам нейросенсорная тухоугость 4 степень, екі құлағына да қойылған, бір құлағына ки аппараты бар, қазір өте жақсы результат деп айта аламын.

Болашақта ерекше күтімді қажет ететін балаларды оңалту аясы айтарлықтай кеңеймек. Қазір Шымкентте 150 орындық заманауи орталық салынып жатыр. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. 

Рият Шони, Катерина Попкова, Нұрмахан Бекмұратов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz