Киевте қазақстандықтарды есірткі таратуға арбаған call-орталықтардың қызметі жойылды.
Екі ел бірлесе жүргізген арнайы операция барысында 11 күдікті ұсталған. Олар Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысып келген. Арнайы операция барысында ұйымдастырушылар, операторлар және адамдарды заңсыз жұмысқа тартумен айналысқан қызметкерлер анықталып, ұсталған. 9 мекен-жайда тінту жүргізіліп, шамамен 40 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро, Range Rover автокөлігі, 18 ұялы телефон, 12 ноутбук пен планшет тәркіленді.
Елдар Әбдікенов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
- Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы роліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған. Қазір барлық мәлімет толық зерттеліп жатыр. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Таңдаулы #Қазақстан #есірткі #call орталық #Киев #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz