RU
Толық нұсқаға өту

Екпеден бас тартқандар күрт көбейді

08.06.2026, 16:22 41

Қазақстанда вакцинадан бас тартқандар саны бес есе артты. Ресми мәліметке көз жүгіртсек, 2017 жылы 5 мыңнан асса, 2025 жылы 25 мыңға жеткен. 

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша, бұл жағдай иммундаудан өтпеген адамдар санының артуына әсер етуі мүмкін. Мұнымен қоса, екпе алмаған азаматтар арасында жұқпалы аурулардың таралу қаупін күшейтеді. Министрлік вакцинацияның арқасында елдегі бірқатар инфекциялық аурудың көрсеткіші айтарлықтай төмендегенін хабарлады. Атап айтқанда, соңғы 35 жылда эпидемиялық паротитпен сырқаттану 94 есе, А вирустық гепатиті 80 есе, ал В вирустық гепатиті 94 есе азайған. Бұдан бөлек, Қазақстанда полиомиелит 1996 жылдан бері, дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмеген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz