RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында ит-мысыққа тегін екпе салынады

08.06.2026, 19:26 35

Қостанай облысында адамдардың үй жануарларынан жарақат алуы жиілеп кетті. Биыл өңірде 1700-ден астам адамды ит қапқан. 

Оларға құтырма ауруына қарсы ем жасалды. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша көбіне қолда үйретілген иттер агрессивті мінез танытып жатады. Тексеріс барысында 80-ге жуық үй жануарынан құтырма вирусы анықталды. Қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Қостанайда «Жасыл дәліз» іс-шарасы басталды. Ветеринарлар көше бойында ашық шатыр орнатып, үй жануарларына тегін вакцина салады. Жеңілдетілген бағамен чиптеп, республикалық ақпараттық жүйеге тіркейді. Шара барысында қаладағы 100-ден астам ит-мысық ортақ базаға енгізілді.

Натик Машадиев, ветеринар:
- Чиптеудің бір тиімді тұсы, жоғалып, далада қалған жануардың 15 таңбалы сәйкестендіру нөмірі арқылы оның иесін анықтап, табуға болады.

Екатерина Чиганова, Рудный қаласының тұрғыны:

- Рудныйдан келдім. Осындай іс-шара жүріп жатқандығын естіп, мысығымызға чип салдырып алайық деп шештік. Бір жола екпе де аламыз. Жануарлардың, адамдардың қауіпсіздігіне өзіміз жауапты болуымыз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz