Конституциялық сот азаматтардың құқығын қорғауда басты құралға айналды.
Мемлекет басшысының бастамасымен қайта құрылған бұл институттың басты ерекшелігі – азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа тікелей жүгіне алуы. Қазірдің өзінде сот азаматтардан түскен 78 өтініш бойынша 80 қаулы қабылдады. Нәтижесінде Конституцияға қайшы келген 20 заң нормасының күші жойылды. Бүгін еңбек даулары мен жалақы төлеу мәселесіне қатысты іс қаралды. Конституциялық сот қызметтік келіспеушіліктер бойынша сотқа жүгіну мерзімі бір жыл болғанымен, азаматтың бұзылған құқықтарын қорғау мерзімі үш жыл болуы тиіс екенін түсіндірді. Осыған байланысты Үкіметке еңбек заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу ұсынылды.
Назгүл Тұяқбаева, ҚР Конституциялық сотының талдаушысы:
- Бұл өте маңызды әрі тиімді құқықтық тетік деп ойлаймын. 2022 жылы жүргізілген конституциялық реформалардың нәтижесінде Конституциялық сот құрылды. Соның арқасында Қазақстан Республикасының кез келген азаматы Конституциялық сотқа өз өтінішімен жүгіне алады. Егер азаматтардың пікірінше, өздеріне қатысты қолданылған нормативтік құқықтық актілер олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзады деп есептелсе, олар Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы. Конституциялық сот мұндай өтініштерді жан-жақты қарап, тиісті шешім қабылдайды. Менің ойымша, бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.
Тимур Нұғыманов, ҚР кәсіподақтар федерациясының өкілі:
- Біз Кәсіподақтар федерациясы мен кәсіподақ қауымдастығы тарихында алғаш рет Конституциялық соттың отырысына қатыстық. Онда Конституцияның 60-бабының нормаларының конституциялылығы мәселесі қаралды. Сондықтан біз бұл Конституциялық сот пен кәсіподақ қауымдастығы арасындағы диалогтың қаншалықты жолға қойылғанын көрсетеді деп санаймыз. Конституциялық сот азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарып, заңдардың Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Тегтер #конституциялық сот #құқық #азаматтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz