RU
Толық нұсқаға өту

Елде 630 мың отбасы мемлекеттік жәрдемақымен

08.06.2026, 21:58 41

Елде 36 мың отбасы атаулы әлеуметтік алып отыр. 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекет бұл бағытқа 14 млрд теңге төледі. 

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының табыс деңгейі мен құрамын ескере отырып тағайындалатын әрі мұқтаж азаматтарды нақты қолдауға мүмкіндік беретін құрал. Азаматтарды әлеуметтік қолдаудың көп деңгейлі жүйесі жайында тілші сабақтайды.

Рухани Әбдірахман:
- Елде 630 мыңнан аса көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақымен қамтылып отыр. Жалпы балалы отбасыларға 5 негізгі жәрдемақы түрі қарастырылған.

Әсия Құрманқұлова, ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары:

- Бізде атаулы әлеуметтік көмек ай сайын ақшалай түрде беріледі. Оған отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелер болған жағдайда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ақшалай қолдау кіреді. 1 маусымдағы жағдай бойынша АӘК алушылар саны – 36 мың отбасы немесе 193 мың адамды құрайды. Бір отбасы мүшесіне орташа төлем мөлшері шамамен 14 мың теңге.

Бүгінде 544 мыңнан астам азаматқа мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындалған. Жыл басында бұл төлем де 10%-ға өсті. Сонымен I топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 200 мың теңгеге дейін; II топқа – 154 мың, III топқа 117 мың теңге төлем төленеді.

Айта кетейік, кейінгі жылдары рәсімдеу шаралары жетілдіріліп, 45%-дан астамы онлайн форматта жүргізіле бастады.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдердің басым бөлігінің мөлшері индекстелді. Әрине, бұл – уақыт талабы. Осы тұста жұмыс істейтін ата-аналарды қолдаудың маңызды бір шарасын ерекше атап өткім келеді. Бұл
өте маңызды. Мемлекеттік жәрдемақымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алады. Бұл отбасының бала күтімі кезеңінде жоғалтқан табысының бір бөлігін өтеуіне мүмкіндік береді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған жандар назардан тыс қалып отырған жоқ. Мемлекет ақшалай төлемдермен қатар ерекше қолдауды қажет ететін азаматтарға арнайы әлеуметтік қызмет жүйесін дамытып келеді. Олардың қатарында өз-өзін күте алмайтын қарттар, тұрғылықты жері жоқ, пробациялық бақылауда болған адамдар санаты бар. Жыл басынан бері бұл тізімдегі 100 мыңнан аса адам қолдаумен қамтылды.

Авторы: Рухани Әбдірахман

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz