Батыс Қазақстан облысында полигоннан шприцтер, биоматериалы бар сынамалар және медициналық қалдықтарға толы қаптар табылды.
Қауіпті заттар Байқоныс ауылындағы қоқыс алаңынан анықталды. Қалдықтың бір бөлігі су айдыны маңына көмілген. Ауыл тұрғындарының шағымынан кейін елдімекенге полиция қызметкерлері мен санитарлық мамандар келіп, аумақ қоршалды. Зарарсыздандыру жұмысы жүрді. Көмілген медициналық қалдықтың салмағы 144 келі тартқан. Қазір тергеу амалдары басталды.
Гүлдана Кереева, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Санитарлық-химиялық, микро-биологиялық көрсеткіштерге топырақ сынамалары алынды. Алдын ала нәтижелерінің шығу уақыты 3-7 күн. Сонымен қатар мамандарымызбен осы медициналық қалдықтардың жатқан жері хлор өнімі бар препараттармен залалсыздандырды. Аталған медициналық қалдықтар құқық қорғау органдарымен мөрленіп, шаруаашылық судъектісіне сақталуға берілді.
Тегтер #БҚО #полигон #медициналық қалдықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz