Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы ауқымды экологиялық форум өткізді.
Шараға салалық сарапшылар мен еншілес ұйымдардың эколог-мамандары жиналды. Басты мақсат – экологиялық менеджментті жетілдіру және заманауи мониторинг технологияларын енгізу. Табиғатты қорғау заңнамасындағы соңғы өзгерістер де осы алаңда егжей-тегжей талқыланды.
Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму. Бұл – «Интергаз Орталық Азия» компаниясының басты қағидаттарының бірі. Осы тақырып форум жұмысына да арқау болды. Басты мақсат – экологиялық менеджментті жетілдіру және заманауи мониторинг технологияларын енгізу.
Дулат Борашев, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Өндірістік бақылау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры:
- Бүгінгі форумның басты мақсаты – газ тасымалдау саласындағы өзекті экологиялық мәселелерді кеңінен талқылап, сондай-ақ практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін ашық диалог алаңын ұйымдастыру және қоршаған ортаға тигізілетін зиянды әсерді азайтуға бағытталған жүйені, жауапкершілікті одан әрі дамытып, іске асыру жоспарында ұйымдастырылып отыр.
Іс-шарада эколог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылды. Қатысушылар экологиялық заңнамадағы соңғы өзгерістерді талқылап, тәжірибе алмасты.
Әйгерім Абиева, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақтөбе филиалының қоршаған ортаны қорғау және өндірістік бақылау қызметінің жетекші маманы:
- Жаңа технологияларды игеру, эколог мамандарының біліктілігін арттыру курстары жылдан жылға жалғасып жатыр. Бұның барлығы қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі деп білемін. «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы жылдан жылға қоршаған ортаға шығарылатын төгінділер, шығарындылар, қалдықтар көлемін азайтуға атсалысып жатыр.
Форумда Президент бастамасымен «жасыл экономика» қағидаттарын енгізуге және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған шараларды іске асыру мәселелері қаралды. Жиын соңында қоршаған ортаны қорғау саласына елеулі үлес қосқан мамандарға арнайы марапаттар табыс етілді.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz