Оқушылар жазда тек асық атып, футбол ойнап қана жүрген жоқ. Бос уақытта ІТ және жасанды интеллект бағдарламаларын меңгереді.
Тumo Astana осындай болам деген балаға тегін білім береді. Орталық Азиядағы алғашқы креативті орталықта қазір 1200 оқушы оқып жатыр.
Адия кейінгі бір айда осы орталықта білім алып жүр. Өзі 3Д моделдеу бағдарламасына қызығады. Келешекте сәулетші болсам деген арманы бар. Сол арманын ұштауға қазірден кірісіп, осы салаға арналған ІТ бағдарламаларды меңгере бастаған.
Адия Қуандық, мектеп оқушысы:
- Ең бірінші біз программалауды boxshop, кішкентай заттармен айналысамыз. Өз тапсырмамызды сол жерде жасаймыз. Көп нәрсе үйрендім. ІТ, программа бәрін қалай жасайтынын үйрендім.
Орталықта білім бағдарламасы 11 бағытты қамтиды. Соның ішінде бағдарламалау, ЖИ, роботехника, ойын құрастыру, цифрлық музыка, кино индустриясы және графикалық дизайн сияқты салалар бар. Жасөспірімдерді қабылдау кезінде ешқандай талап қойылмайды. Оларға арнайы мамандар бағыт-бағдар береді.
Ботагөз Еркенова, Tumo Astana орталығының команда жетекшісі:
- Onboarding деп аталатын бірінші айының аяғында әрбір оқушы 4 бағытты таңдайды. Tumo world деп аталатын платформамыз бар. Оқушы 4 бағытты таңдағанда платформа оған өзінің графикасын береді. Қандай бағыттарда қандай тапсырма жасайтынын береді.
Бұл орталық жыл бойы жұмыс істейді және 5 мың балаға дейін қабылдай алады. Қазір 1200 жасөспірім білім алып жүр. Ай сайын олардың қатары артып келеді. Әр оқушы өзі таңдаған бағыттары бойынша кейін жоба дайындайды.
Ботагөз Еркенова, Tumo Astana орталығының команда жетекшісі:
- Tumo Astana орталығында мектептегідей каникулдар жоқ. Бірақ басқа Тumo орталықтар, халықаралық центрлер жылына бір рет бір ай каникул жасайды. Осы бір айдың ішінде біздің командамыз дайындалып, келесі жылға немесе балалар бір жаққа ұшып кеткенде осы бір ай беріледі. Әзірге бізде каникул жоқ.
Балалар үшін оқу мерзіміне шектеу қойылмайды. Әрқайсы бағдарламаны толық меңгергенше жалғастыра береді. Бір бағдарламаны үйренуге кемінде 8 ай уақыт қажет. Мамандардың айтуынша, бұл бастама - отандық ІТ нарығына білікті кадрлар даярлаудың маңызды қадамы.
Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Мерей Талап
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #оқушылар #ЖИ және цифрландыру #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz