RU
Толық нұсқаға өту

Түркияға жаңа әуе рейстері ашылды

09.06.2026, 09:00 51

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы арта түсті. Жазғы туристік маусымда сұраныстың ұлғаюына байланысты Қазақстаннан Анадолының курорттық өңірлеріне жаңа бағыттар ашылды.

Бұған дейін екі ел арасында 15 бағыт бойынша аптасына 108 рейс орындалса, енді қосымша 12 бағыт іске қосылып, жалпы саны 206-ға жетті. Жақында Алматыдан Түркияның Даламан әуежайына алғашқы ұшақ қонып, 176 жолаушыны салтанатты түрде қарсы алды. Жаз маусымында Алматы мен Астанадан бұл шаһарға аптасына 4 рейс орындалады. Жалпы осы кезеңде Қазақстаннан Измир, Анталия, Бодрум, Алания және Даламан бағыттарына аптасына қосымша 98 ұшақ қатынайды. Бұл екі ел арасындағы туристік байланысты нығайтып, қазақстандықтардың Түркия аймақтарына саяхатын жеңілдете түспек.

Қазақстан – Түркия арасындағы әуе бағыттары

2025 жылы - 12 бағыт, аптасына 84 рейс

2026 жылы - 15 бағыт, аптасына 108 рейс

2026 жылдың жаз айларында - 27 бағыт, аптасына 206 рейс

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz