Түркістан облысы Арыс қаласында мас күйінде көлік жүргізіп, бір отбасы мүшелерін қағып кеткен әйелге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
Түркістан облысында болған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Бастапқыда тергеу барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Бұл сараптама қорытындысымен расталды, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Министр орынбасарының сөзінше, қазіргі уақытта іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жол-көлік оқиғасын жасау фактісі бойынша тергеліп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті тұлға қамауға алынды.
Еске салсақ, Түркістан облысының Арыс қаласында автокөлік жүргізушісі бір топ адамды қағып кетіп, кейін оқиға орнынан кетіп қалған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Түркістан облысы #қылмыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz