Демалыс маусымында барлық жедел әрекет ету қызметтері жоғары дайындық режиміне көшірілуі тиіс. Бұл жұмысқа волонтерлер де тартылады.
Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктер мен министрліктерге осындай тапсырма берді. Әсіресе су айдындарындағы қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі ерекше назарда болуы тиіс. Жиында демалушылар үшін әр тілде бағыт-бағдар көрсеткіштері, демалыс аймақтарында тазалық сақтау және жауапты қызметтердің жұмысын үйлестіру жайы талқыланды. Олжас Бектенов туризмдегі қызмет сапасы мен қонақжайлылық деңгейін арттыру қажет екенін баса айтты. «Мамандардың кәсібилігі мен қызмет сапасы еліміздің беделіне тікелей әсер етеді»,- деді Үкімет басшысы. Жалпы үйлестіру жұмыстары Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #демалыс маусымы #Еріктілер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz