RU
Толық нұсқаға өту

Ел экономикасына туризмнен ₸5 трлн түскен

09.06.2026, 13:20 44

Елдің туризм саласынан түскен салық көлемі 630 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Туризм және спорт министрі мәлімдеді.

Ал саладан Қазақстан қазынасына түскен қаржы 5 трлн теңгеге жеткен. 

Қазақстанның тамылжыған табиғатын көруге келген шетелдік туристер 2,9 млрд доллар қаржы жұмсапты. Министрліктің рәсми мәліметі осындай. Талғампаз туристерді тарту оңай шаруа емес. Сондықтан көкжиегі кең салаға көбірек көңіл бөліну керек. Былтыр осы бағыт бойынша тартылған инвестиция 33%-ға артып, 1,3 трлн теңгеге жетіпті. Нәтижесінде салықтан түскен қаржы көлемі өскен. Енді туризмді одан әрі түлету үшін жағажайларға да баса мән берілмек. Өйткені бүгінде бірқатар мұндай орындар стандартқа сай емес, қалқымалы белгілер, құтқару мұнаралары, киім ауыстыратын кабиналар және санитарлық тораптар жеткіліксіз, тағысын тағы. Министр мәселені шешу үшін республикалық деңгейде қосымша қолдау қажет дейді.

Үкімет отырысында айтылған басты жаңалықтың бірі - Алматыда бір күнде 10 мың шаңғышыны қабылдай алатын SuperSki тау курорты салынады. Медеу маңында бой көтеретін орынның 70%-ы балаларға және шаңғы спортын жаңадан бастаған жандарға арналған. Құрылыс биыл басталып, 2028 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарда. Ал ауқымды жобаның сәулетшісі  Астана қаласының архитектурасына үлес қосқан әлемгі әйгілі - Норман Фостер болады. SuperSki жобасы аясында 11 аспалы жол салынады. Ал ең биік нүктесі Шымбұлақты басып озғалы тұр. Шыңның атауы Құмбел. Биіктігі 3400 метр болады. Ерекшелігі таудың таңғажайып табиғатын көру үшін шыңына мүмкіндігі шектеулі жандар да еш кедергісіз шыға алады. Қазақ туризм басшысы жемісті жоба аясында жаңа 5 мың жұмыс орны ашылып, экономиканың 50 саласына серпін беретінін айтады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz