RU
Толық нұсқаға өту

Елде инвесторлардың құқығын қорғау күшейді

09.06.2026, 15:10 53

Енді инвесторлар барлық қызметті "Kazakhstan Investment House" бірыңғай қызмет көрсету орталығынан ала алады. Шетелдегі фронт-офистер желісі де кеңейтіледі.

Мұны ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді. Оның айтуынша, салымшылардың құқығын қорғау үшін  Бас прокуратура жанынан дауларды сотқа дейін реттейтін кеңсе құрылды. Әр аймақта инвестициялық прокурорлар жұмыс істейді. Ұлттық цифрлық платформа барлық үдерісті онлайн бақылауда ұстайды. 

Арман Қасенов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- «Бәйтерек» холдингінің құрамында төрт салалық дирекцияны қамтитын Инвестициялық қызмет құрылды. Оның негізгі міндеті – өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, жобаларды сапалы әзірлеп, кейін оларды Kazakh Invest компаниясына ұсыну. Сондай-ақ Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның рөлі күшейтіледі. Бұл жүйе жобалардың іске асырылу барысын нақты уақыт режимінде бақылап, туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz