RU
Толық нұсқаға өту

Нотариустың жауапкершілігі артады

09.06.2026, 16:00 37

Жаңа заңға сәйкес, бұдан былай нотариустың жауапкершілігі күшейе түспек.

Әсіресе заңды белден басқандарға жаза қатаң болмақ. Мәселен, азаматтардың  жеке мәліметтерінің таралуына жол беріп қойса, яғни «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңды бұзса, нотариустың лицензиясы алты айға тоқтатылады. Демек, жарты жыл бойы қызмет көрсете алмайды. Егер дәл осы заңды тағы бұзғаны анықталса  лицензиясынан біржола айырылады. Сол сияқты электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін бөгде жанға заңсыз бергені үшін де лицензиядан қағылады. Жаңа заңға сәйкес, нотариус мемлекеттік қызметке немесе Парламент пен мәсхихат депутаттығына сайланса - оның лицензиясы уақытша тоқтылады. Бұдан бөлек нотариустың туыстары, басшы, компания құрылтайшысы, акционер болса - оларға көрсетілетін нотариалдық қызмет түрі шектеледі. Сондай-ақ көрсетілген қызметін бірыңғай жүйеге бірнеше рет тіркемесе лицензиясы тоқтатылуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz