RU
Толық нұсқаға өту

Нотариустың қитұрқы әрекеттеріне тосқауыл қойылады

09.06.2026, 16:23 40

Бұдан былай кей нотариалдық қызмет цифрлық форматқа көшеді. 

 Яғни үйден шықпай-ақ электронды үкімет арқылы құжаттарды рәсімдеу мүмкін болмақ. Кеше мәжіліс депутаттары нотариалдық қызмет туралы жаңа заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер мен өзгерістер енгізілген құжатқа сәйкес, нотариустардың жауапкершілігі күшейіп, жүйе мейлінше ашық болады. Заң жобасындағы ең басты түзету нотариустың атқарушылық жазбасы атты құжатқа қатысты болмақ. Атап айтқанда, бұл құжаттың сотсыз қарыздарды өндіру күші бар. Нотариустың атқарушылық жазбасын заңсыз қолдануы салдарынан көптеген қазақстандықтың банк есеп-шоты жабылған. Енді мұндай жағдайға тосқауыл қою үшін борышкерлер алдын ала SMS немесе е-гов порталы арқылы хабарландырылады. Бұдан бөлек атқарушылық жазбаны қолдану құқығы нотариустарға бірыңғай жүйе арқылы теңдей бөлінеді. Нақтырақ айтқанда, борышкердің тұрғылықты мекен жайы бойынша беріледі. Осылайша микроқаржылық ұйымдар өзге өңірдегі таныс нотариустың қызметіне жүгіне алмайтын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz