Бұдан былай зейнетақы рәсімдеу жеңілдей түседі.
Елімізде зейнетақы төлемдерін тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді рәсімдердің бір бөлігі цифрлық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Қажетті мәліметтердің басым бөлігін мамандар мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады. Осылайша азаматтарға қосымша анықтамалар жинап, түрлі мекемелерге жүгінудің қажеті жоқ. Дегенмен, өтінішті бұрынғыдай қағаз түрінде де беруге болады. Егер қандай да бір мәліметтер мемлекеттік дерекқорда болмаса, өтініш беруші оларды растайтын құжаттарды 25 жұмыс күні ішінде өз бетінше ұсынуы тиіс.
Тағы бір жаңашылдық – төлемдері жалғасып жатқан зейнетақы істері мұрағатта сақталады. Ал олардың электрондық нұсқалары уәкілетті органның цифрлық жүйесінде мерзімсіз сақтала бермек. Өзгерістердің негізгі бөлігі 12 шілдеден бастап күшіне енеді. Ал жекелеген нормалар 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі. Айта кетейік, еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек бүгінде Қазақстанда 2,5 миллионнан астам зейнеткер бар.
Тегтер #зейнетақы #ереже #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz