Солтүстік Қазақстан облысында “Құқықтық дәріхана” акциясы аясында 1300 адамға көмек көрсетілді.
Прокурорлар “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы негізінде тұрғындарды әр апта сайын қабылдап, жеке сұрақтарына жауап береді. Ал кейбір мәселелер бақылауға алынып, оң шешімін тапты. “Игі дәстүрге айналған шара халықтың құқықтық сауаттылығын артыруға мүмкіндік береді”, дейді мамандар. Қадағалаушы орган қызметкерлері бұл акцияны қоғамдық орындарда өткізеді. Сондықтан келушілердің де қатары көп.
Оразгелді Мұсафар, облыстық прокуратура басқармасының прокуроры:
- Акция барысында бізге Қызылжар ауданының тұрғыны өз арызы бойынша жүгінді. Ол өзінің арызында 2025 жылы Түркістан облысынан Қызылжар ауданына көшіп келген хабарлады мемлекеттік бағдарлама арқылы. Сол бағдарлама арқылы өзіне тиесілі үйді ала алмағаны бойынша шағыммен келді. Ол шағымды Қызылжар ауданы прокуратурасы сүйемелдеп, үйді алып берді. Сонымен қатар арызданушының жұбайы мемлекеттік жұмысқа тұрғызылды.
Тегтер #құқық #көмек #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz